Тақырып   Тапсырмалар каталогы

11-тақырып  Үш таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу. Теңдеулерді шешу, мұнда оң жақ бөлігі немесе бір компоненті сандық өрнекпен берілген


Бұл тақырыпта сен:
• Үш таңбалы санды екі таңбалы санға іріктеу тәсілімен бөлуді үйренесің және осы тәсілді есептеулерде қолдануды үйренесің;
• Есептеу нәтижелеріне сәйкес өрнектерді іріктеуді жаттықтырасың;
• Бірнеше амал бар өрнектерде соңғы орындалатын амалды анықтайсың және жақшасыз өрнектердің мәнін табуды бекітесің;
• Бөлінгішті және азайғышты табу үшін теңдеулерді таңдауды үйренесің;
• Оң жақ бөлігі немесе бір компоненті сандық өрнекпен берілген теңдеуді қалай шешу керектігін білесің;
• Үйренген жағдайларда теңдеулерді тексерумен шешуді жаттықтырасың;
• Кесте бойынша берілген есепті шешесің және оның шешімі бойынша өрнек құрастырасың.