Тақырып   Тапсырмалар каталогы

2-тақырып  Көбейтудің компоненттерінің атауларын және нәтижесін ата (көбейткіш, көбейтінді терминдерімен танысу). Көбейтудің ауыстырымдылық заңы


Бұл тақырыпта сен:
• Бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтумен, ал көбейтуді – бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыруды үйренесің;
• Көбейтудің компоненттерінің атауларымен және нәтижесімен танысасың және көбейту теңдігін қалай дұрыс оқу керек екенін білесің;
• Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған қарапайым есептерді шешу дағдыларын жетілдіресің және есептің шешуін көбейту арқылы жазуды үйренесің;
• Көбейтудің ауыстырымдылық заңымен танысасың, оны өрнектердің мәнін есептеу үшін қолдануды үйренесің.