Тақырып   Тапсырмалар каталогы

4-тақырып  Латын әліпбиі. Айнымалысы бар өрнектер. Көпбұрыш және оның элементтері: төбелер, қабырғалар, бұрыштар. Геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу


Бұл тақырыпта сен:
• 2, 3 және 4 сандарын қосу мен азайту дағдыларын бекітесің;
• Латын әліпбиінің әріптерімен танысасың және оларды тануды үйренесің;
• Айнымалы өрнектерде қалай белгіленетінін білесің және берілген айнымалы мәнінде өрнектердің мәнін табуды үйренесің;
• Қосындыны және санды бірнеше бірлікке арттыруға арналған есептерді шығарасың;
• Ұзындық өлшем бірліктерімен берілген құрама атаулы сандарды салыстыруды жаттықтырасың;
• Көпбұрыштарды басқа геометриялық фигуралар арасынан тануды бекітесің;
• Бұрыш қалай пайда болатынын білесің және тік және тік емес бұрыштарды ажыратуды үйренесің;
• Көпбұрыштың элементтерімен танысасың: төбелер, қабырғалар, бұрыштар;
• Геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеуді үйренесің;
• «көпбұрыштың периметрі» ұғымымен танысасың және оны қалай табуға болатынын білесің;
• Көпбұрыштың периметрін есептеуді жаттықтырасың.